Саясат

Өзбекстан президентінің қызы отставкаға кетті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің үлкен қызы Саид Мирзиеева

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің үлкен қызы Саид Мирзиеева Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі (АИМК) директорының орынбасары қызметінен кетті.

Сондай-ақ, АИМК директоры Комил Алламжонов та қызметінен кетті.

Алламжонов пен Мирзиеева президент әкімшілігіне өтініш беріп, мемлекеттік емес сектордағы жұмысты жалғастыруға ниет білдірді. Олардың өтініштері қабыл болды.

Бұл туралы президент әкімшілігінің басшысы Зайнилобиддин Низомиддиновтың төрағалығымен өткен кеңейтілген отырыста мәлім болды.

Комил Алламжонов АИМК-ны 2019 жылдың 4 ақпанынан бастап басқарды, Саида Мирзиеева өткен жылдың сәуір айында директордың орынбасары қызметіне тағайындалды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің үш баласы бар. Қыздары: Саида және Шахноза, ұлы Миралишер.